Тоқаев оқушылар сарайына телескоп және автобус сыйлады

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, президентке ғылым-білім орталығын қайта қалпына келтірудің және жаңғыртудың алғашқы кезеңінің нәтижелері мен жоспары туралы мәлімет берілді. Сонымен бірге Алматы әкімдігінің балалардың бос уақытын тиімді өткізуге жағдай жасау үшін атқарып жатқан жұмыстары жөнінде айтылды.

c1296fded5ce45c99d3dbed8b345c2ee Тоқаев оқушылар сарайына телескоп және автобус сыйлады

Содан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев балалардың көркем шығармашылық жұмыстарының көрмесімен және сарайдың жаңа инновациялық қызметімен танысты.

Мемлекет басшысы биология және нейротехнология, гидропоника, 3D  модельдеу және робот жасау зертханаларын, сондай-ақ анимация, дыбыс жазу, білім беру медиажобаларына арналған студияны аралап көрді.

1647848864 KZ1 0098 Тоқаев оқушылар сарайына телескоп және автобус сыйлады

Мемлекет басшысы оқушылармен әңгімелесті және оларды Наурыз мейрамымен құттықтады.

Президент балаларға сыйлықтар тарту етті, соның ішінде мобайл құрылғы арқылы басқарылатын кейінгі үлгідегі оқу телескопын сыйға тартты.

Қасым-Жомарт Тоқаев сонымен бірге оқушылар сарайына автобус сыйлады.

1647848892 KZ1 0007 Тоқаев оқушылар сарайына телескоп және автобус сыйлады

1647848918 KZ1 0011 Тоқаев оқушылар сарайына телескоп және автобус сыйлады

1647848948 KZ1 0006 Тоқаев оқушылар сарайына телескоп және автобус сыйлады

1647848998 KZ1 0150 Тоқаев оқушылар сарайына телескоп және автобус сыйлады

1647849411 KZ1 0157%20(2) Тоқаев оқушылар сарайына телескоп және автобус сыйлады

1647849463 KZ1 0117 Тоқаев оқушылар сарайына телескоп және автобус сыйлады

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да