Универсиада: Қазақстан хоккейшілері Чехияны 8:0 есебімен жеңді

Ойын «Халық Аренада» өтіп, 8:0 есебімен аяқталды. Қазақстан құрамасында Константин Савенков (16-шы және 41-ші минуттарда) және Артем Бурделев (24-ші және 53-ші минуттарда) дубль жасаса, Дмитрий Гренц (25), Никита Михайлис (37), Антон Петров (51) және Кирилл Савицкий (52) бір шайбадан соқты.

Қазақстан құрамасы осыған дейін Қытай (22:0) мен Швецияны (5:0) жеңген еді. Сергей Старыгинның командасы бірде-бір шайба жібермей 9 ұпай жинап, плей-офф кезеңіне бірінші орынға шыққан.

ДереккөзBaq.kz