Басты бетЖаңалықтарҮкімет басшысы...

Үкімет басшысы ақпарат министріне БАҚ туралы заңды қайта қарауды тапсырды

Түптеп келгенде, жолдаудың негізі мәні – халқымыздың амандығы мен елдің өркендеуі. Үкімет әрбір азаматтың өз мүмкіндігін толық іске асыруы мен қажырлы еңбегінің лайықты бағалануы үшін қажетті шараларды қабылдайды. Біз қоғаммен өзара байланыс ауқымын кеңейтіп, халқымыздың бірлігін нығайту жөнінде үлкен жұмыстар жүргізуге тиіспіз. Сондықтан, ақпарат министрлігі осы бағытта белсенді жұмыстарды іске асыруы керек, — деді Әлихан Смайылов.

Премьер-министрдің айтуынша, геосаяси сын-қатерлер жағдайында отандық бұқаралық ақпарат құралдарының рөлін арттыруға айрықша маңыз беріліп отыр.

Осыған байланысты президент «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» заңды қайта қарауды тапсырды. Бұл заңды журналистер және сарапшылар қауымымен ақылдаса отырып, қабылдаумыз қажет. Ақпарат министріне осы жұмысты тиянақты әрі жоғары деңгейде ұйымдастыруды тапсырамын. Үкімет мүшелері журналистермен тығыз байланыста жұмыс істеуі тиіс. Ашық жұмыс қана қоғамның үкіметке деген сенімін қалыптастырады. Сол үшін мемлекет басшысының жолдауында айтылған тапсырмалардың орындалу барысы туралы азаматтарды тұрақты түрде хабардар етіп отыру қажет, — деді үкімет басшысы.