«Қазселденқорғау» ескертуі бойынша қар көшкіні қаупіне байланысты Шымбұлаққа баратын автожол уақытша жабық болады. Мамандардың хабарына қарағанда, қар деңгейі әдеттегіден 30 сантиметрге жоғары. Бүгін, 11 наурызда сағат 09.49-да Үлкен Алматы өзені бассейнінде 7 мәрте қар көшкіні тіркелген.
«Медеу мұз айдыны — Шымбұлақ тау-шаңғы кешені» автожолы бойында қауіпті 11 қар көшкіні жиыны орналасқан. Ол жердегі қардың бәрі осы жолға түсетіндіктен жол бойындағы көліктер мен жаяу жүргіншілер өміріне асқан қауіп төндіреді. Адам шығынын болдырмау мақсатында Шымбұлаққа көтерілетін автожол көлік үшін де, жаяу жүргіншілер үшін де жабық болады. Жыл сайын көктем кезінде қар көшкіні қаупі жоғарылайды, себебі қыс кезінде қар жиналып, көктем кезінде тау басында тұрақтай алмайды, — делінген хабарламада.
Еске салайық, кеше Шымбұлақта қар көшіні болып, бір адам қаза тапты.