Бұл туралы Ақорда сайты хабарлады.
Президентке отандық брондалған дөңгелекті машина шығару үдерісі көрсетілді және қазақстандық қорғаныс-өнеркәсіп кәсіпорны өнімдерінің көрмесі таныстырылды.
Зауытты аралап шыққан Қасым-Жомарт Тоқаев аталған саланы дамытудың перспективті бағыттарын айқындап берді. Сонымен қатар, мемлекет басшысы отандық өндірушілерді қолдау қажет екенін атап өтіп, шығаратын өнімдерді техникалық тұрғыдан заман талабына сай жаңартуға шақырды.