3 ақпанға арналған ауа райы болжамы

Синоптиктердің болжауынша, Қазақстанның солтүстігі теріскей атлантикалық жойқын циклонның құрсауында болады. Салдарынан аспан бұлттанып, мамыражай күн райы орнап, қалың қар жауып, айналаны көру қиындайды, боран болады. Көкшететауда ауа температурасы күндіз 7 мен 9 градус арасында аяз болады. Теріскейге қарай суық күшейеді. Қостанайда күндіз -19, Петропавлда -14 градус суық болады деп күтілуде.

Елдің батысы циклонның суық өтінде болады. Бұл бораннан қорғайтын қамал іспетті. Кей жерлерде қар жауады. Орал мен Ақтөбеде термометр күндіз минус 15 градусты көрсетіп, күн бұлтты болады. Ақтауда бұл көрсеткіш сәл төмен, -3 градус, Атырауда -8.

Республиканың оңтүстігі арқылы барынша белсенді суық ауа ағыны өтеді. Аймақтарда нөсер жаңбыр жауып, жел соғады. Қызылордада — 6 градус, Шымкентте -3, Таразда 4 градус жылы.

Талдықорғанда күндіз ауа температурасы 0 градус шамасында болады деп болжануда. Қар жауып, тұман басуы мүмкін. Алматы облысының халықаралық тас жолдарындағы шектеу қойылуы ғажап емес.

Шығыс Қазақстан облысында жұма күні аяз болмайды. Аспанды қалың бұлт торлап, кей аймақтарда қар жаууы ықтимал. Өскеменде -3, Семейде -7, Павлодарда -11 градус.

Орталық Қазақстанда күн бұлтты болып, қар жауады. Жезқазғанда күндіз миунс 8 градус, Қарағандыда -7.

Алматы қаласында жауын-шашын түсіп, кешке қарай тұман басуы мүмкін. Ауа температурасы +5 градус.

Ел ордасы Астанада боран тұрады. Оңтүстік батыстан секундына 10 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы күндіз 6 градус суық болады.