Алматыда жалған ұшақ билеттерін сатқан әйел анықталды

Алматы полициясының мәліметінше, күдікті өзін туристік агенттік қызметкері ретінде таныстырып, клиенттерге ұшақ билеттерін сатқан. Ол бұл әрекетін 2020 жылы қаңтарда бастаған, ал соңғы рет 2021 жылы қазанда сатқан.

Жалған мәміле жасалған. Клиент мұны тіркеу кезінде рейс жолаушыларының тізімінде жоқ екенін білген кезде ғана түсінген. Жәбірленушілерден 12 арыз түсті, — деді Бостандық ауданы ПБ жанындағы полиция бөлімінің бастығы Ғалымжан Қасымбаев.

Деректер бір іс жүргізуге біріктіріліп, ҚР қылмыстық кодексінің 190-бабы, 3-бөлігі, 4-тармағы бойынша тергелетіні айтылды. Күдіктінің бұрын осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріледі.