Басты бет / Жаңалықтар /
феминизм, феминист, 8 наурыз, митинг
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Митинг. Әйелдердің саясатқа араласуына неге мән беруіміз керек?

Айнұр Садырбаева Алматыдағы әйелдер құқығына арналған митингіге қатысты. Ол технолог мамандығы бойынша білім алған. Дегенмен 4 жылдан бері кәсіби біліміне сай жұмыс таба алмай жүр. Оның айтуына қарағанда, жұмыс берушілер кадр таңдағанда ер адамдарға басымдық береді.

Айнұр Садырбаева. Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Айнұр Садырбаева. Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Технолог мамандығында 17 қыз, үш ұл оқыдық. Оқуды тәмамдаған соң өз мамандығым бойынша жұмыс істегім келіп, өндіріс орындарына бардым. Сол кезде маған «сіз қызсыз, сол себепті сізді жұмысқа ала алмаймыз» деді, — дейді ол.

Айнұр Садырбаева. Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Айнұр Садырбаева. Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Айнұр болашақта еңбек нарығына технолог ретінде араласуға мүмкіндігі жоқ екенін білген соң басқа салаға ауысуға мәжбүр болған.

Бір жыл лаборант болып жұмыс істедім. Кейін басшыларға технолог болуға білімім жететінін айттым. Дегенмен олар қанша білікті маман болсам да, технолог ретінде тек ерлерді жұмысқа алатынын айтты. Осы жауапты естіген соң көңілім қалды, — дейді  Айнұр.

Биыл халықаралық әйелдер күніне арналған митингінің тақырыбы — әйелдердің мемлекетті басқару ісіне араласуы. Ұйымдастырушылардың бірі Мира Оңғарованың айтуынша, Алматы әкімдігі митингіге рұқсат еткен, бірақ марш өткізуге тыйым салған.

Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Меніңше, жергілікті биліктің марш өткізуге рұқсат бермеуіне Қаңтар оқиғасы әсер еткен сияқты. Олар қандай да бір  оқыс іс-әрекет болады деп қорқуы мүмкін. Олардың бұл шешімі негізсіз деп есептеймін. Себебі былтырғы тәжірибемізбен бейбіт шеру өткізе алатынымызды, талабымызды айта алатынымызды көрсеттік, — деді ұйымдастырушы.

Мира Оңғарова
Мира Оңғарова. Фото: Бақдәулет Әбдуалы

«Феминита» ұйымының басшысы Жанар Секербаева Қазақстан билігінде отырғандардың 50%-і әйелдер болуы керек деп есептейді.

Жанар Секербаева
Жанар Секербаева. Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Жанар Секербаева
Жанар Секербаева. Фото: Бақдәулет Әбдуалы

1990 жылдардан бастап бүгінге дейін саяси институттар, мемлекеттік орган, партия, мәслихат, парламент және президент лауазымы сияқты мемлекетті басқару ісімен айналысатын әйелдер санын 30%-ке жеткізе алмай жатырмыз. Қазір билікте менің атымнан сөйлеп, мәселемді, талабымды айтатын әйел жоқ. Әлі күнге дейін тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты заң күшіне енбеді. Бұл — парламентке сын! Менің талабым — Қазақстан билігінде отырғандардың 50%-і әйелдер болуы керек. Себебі әйел-басшылар ЛГБТК өкілдерінің, ВИЧ-пен ауыратын, нашақор әйелдердің, мигрант, секс қызметпен айналысатын әйелдердің құқығына бей-жай қарамайды деп ойлаймын, — деді ол.

ce130fe77c386e7996bf0a66c94a8bff Митинг. Әйелдердің саясатқа араласуына неге мән беруіміз керек?
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
ed770b5b2fd0f74b05d48d0ee09b5df7 Митинг. Әйелдердің саясатқа араласуына неге мән беруіміз керек?
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
46a5786db81681b290e7a64b31729518 Митинг. Әйелдердің саясатқа араласуына неге мән беруіміз керек?
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
2277f188597f0e6be552a052114838cc Митинг. Әйелдердің саясатқа араласуына неге мән беруіміз керек?
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
706dd1a476b1a70935827dd836fcb978 Митинг. Әйелдердің саясатқа араласуына неге мән беруіміз керек?
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Ал Жәмила Қасымханның айтуынша, саясатта әйелдердің аз болуы Қаңтар оқиғасы кезінде білінді.

Қаңтар оқиғасы тарихымызда алғаш рет болды. Осы оқиға кезінде билік дайын емес екенін көрдік. Салдарынан қаламыз өртке оранды, азаматтарымыз қаза тапты, зардап шекті. Әлі күнге дейін қайғырамын. Қалаларымызда билік өкілдері бой көрсетпеді. Мысалы, сол кезде Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қайда еді? Халықпен сөйлесіп, талабын тыңдады ма? Шымкент әкімі Мұрат Әйтенов халыққа басу айтты ма? Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев халық алдына шықты ма? Дәл сол қиын кезде Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова қорықпай, шықты. Қазақ «қатын бастаған көш оңбайды» дейді, бірақ біз бұл теріс түсінік екенін көрсетіп келеміз. Атадан қалған сөзді өзгертетін кез келген шығар? — деді Жәмила Қасымхан.

41663d622c6b123488746f714fe53c20 Митинг. Әйелдердің саясатқа араласуына неге мән беруіміз керек?
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Ал гендер мәселесін зерттеуші, халықаралық құқық маманы Әйгерім Құсайынқызы 8 наурыз әйелдерге тек гүл мен тәтті беретін емес, әйелдердің ерлермен тең құқылы еткен күн екенін естен шығармауды өтінді.

Әйгерім Құсайынқызы
Әйгерім Құсайынқызы. Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Ол әйелдердің басқару ісіне араласуына қатысты айтылған қазақтың кейбір мақал-мәтелінің, нақыл сөзінің теріс екеніне дүниежүзінің дамыған мемлекеттерін басқарып отырған әйелдерді мысал ету арқылы аргумент келтірді.

1960-2021 жылдар аралығында дүниежүзінің 58 мемлекетінде басшы әйел болған екен, бірақ 119 мемлекетте бірде-бір әйел билікке келмеген, сол елдердің бірі – Қазақстан. Неге деп ойласаңыз, оған мәдениет, тарих, бізді тежеуіш ретінде ұстап тұрған қазақ мақалдары әсер етуі мүмкін. Мысалы, «Байтал шауып бәйге алмас», «Қыз бастаған көш оңбайды». Мұндай мақалдарға «жоқ» деп айтатын кез келді. «Қыз бастаған көш озады». Оған Жаңа Зеландия мен Финляндияны басқарып отырған басшылар мысал бола алады. Әйелдер сабырлы, ақылды, күйеуінің кеңесшісі деген рольден шығуы керек. Неге? Біз сабырлы болсақ, күйеуімізге бәсеке тудырмаймыз. Сабырлы, нәзік болсақ, дауысымыз саясатта естілмейді, бірақ осыны өзгертетін күн жақындағынан бүгін көріп отырмын. Арманым  —  Қазақстанның бірінші әйел президентін, парламенттің 50%-і әйел болғанын көру. Өйткені әйел ғана әйел проблемасын түсіне алады. «Әйелдер шешім шығарған кезде ақылға емес, сезімге жүгінеді». Бұл да — біз сеніп жүрген миллиондаған теріс түсініктің бірі. Егер осы мақалдарға, түсініктерге мен сияқты сеніп келсеңіз, онда, өкінішке қарай, біз — патриархал қоғамның құрбанымыз. Әйел бар жерде шешім бар. Біздің орнымыз  — отбасы, ошақ-қасы ғана емес, парламент пен билік, — деді Әйгерім Құсайынқызы.

Сонымен бірге жиында сөйлегендер әйелдердің зейнет жасын төмендетіп, 58 жасқа түсіруді, қоғамдағы әйелдерге қатысты патриархат пен сексизм стереотиптерін жоюды, адам құқығын қорғауды, саяси себеппен тұтқындалған азаматтарды босатуды талап етті.

3a23bc6532172177a1596b4da57e7994 Митинг. Әйелдердің саясатқа араласуына неге мән беруіміз керек?
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

2021 жылы Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылықтан 67 әйел қайтыс болған. Митингіде осы жағдайдың символы — қара табытты ортаға алып келді, жиналғандар бір минут үнсіз тұрып, олардың әруағына тағзым етті.

ad7652a96d1c93d748536d223da87efa Митинг. Әйелдердің саясатқа араласуына неге мән беруіміз керек?
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
d55e937f08442a1a6d42d0428201fcdc Митинг. Әйелдердің саясатқа араласуына неге мән беруіміз керек?
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Шоқан Уәлиханов ескерткіші алдындағы алаң бұл күні әйелдер құқығы тақырыбын жан-жақты қамтитын, мазмұны әртүрлі ұран жазылған, қызылды-жасылды плакаттарға толды. Жиналғандар шараның ортасында «Песня женщины» әнін шырқады.

ffbc63277a9b45cc7fd0020804134566 Митинг. Әйелдердің саясатқа араласуына неге мән беруіміз керек?
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
fa37675fb05216924dc2e6dbe19ec89b Митинг. Әйелдердің саясатқа араласуына неге мән беруіміз керек?
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
aa9cf8777512fc06a86b90b272359f6a Митинг. Әйелдердің саясатқа араласуына неге мән беруіміз керек?
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
a255fa9a54780421fa7d85b288df82cf Митинг. Әйелдердің саясатқа араласуына неге мән беруіміз керек?
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
456ffe8825ace0cfb6aaac523bd67bb8 Митинг. Әйелдердің саясатқа араласуына неге мән беруіміз керек?
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
2b22813f788e4b888164201e9f9e521f Митинг. Әйелдердің саясатқа араласуына неге мән беруіміз керек?
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
ed770b5b2fd0f74b05d48d0ee09b5df7 Митинг. Әйелдердің саясатқа араласуына неге мән беруіміз керек?
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
d3705744f6dcfa7f061af86ce68384eb Митинг. Әйелдердің саясатқа араласуына неге мән беруіміз керек?
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
bdf5b1e6e74e084411d6a60a109b1c72 Митинг. Әйелдердің саясатқа араласуына неге мән беруіміз керек?
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
a61818e74b4e020934e62530f5b38de8 Митинг. Әйелдердің саясатқа араласуына неге мән беруіміз керек?
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
6a54e99d2e8406f795040a36d56bd5c9 Митинг. Әйелдердің саясатқа араласуына неге мән беруіміз керек?
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
f9ce42501f5fe2f4d56ca5a908464ff9 Митинг. Әйелдердің саясатқа араласуына неге мән беруіміз керек?
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
17960f707dc6c4df003a0b71225e06a2 Митинг. Әйелдердің саясатқа араласуына неге мән беруіміз керек?
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
2fd56ebe325694324bf502b82a1f5662 Митинг. Әйелдердің саясатқа араласуына неге мән беруіміз керек?
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
f7828d351df5c54dd908fdb6074abd88 Митинг. Әйелдердің саясатқа араласуына неге мән беруіміз керек?
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
1406a380df17a39e98ae0332e96b8e3e Митинг. Әйелдердің саясатқа араласуына неге мән беруіміз керек?
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
eefd06c40d14fbe8f6511eacd3c42215 Митинг. Әйелдердің саясатқа араласуына неге мән беруіміз керек?
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
a33b1aa240c9bb652f6f9f887b106975 Митинг. Әйелдердің саясатқа араласуына неге мән беруіміз керек?
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
29fc85d927b5318ec459731963c306ee Митинг. Әйелдердің саясатқа араласуына неге мән беруіміз керек?
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
83fbb4d5ce6a5a00902a9778cdf0b3d5 Митинг. Әйелдердің саясатқа араласуына неге мән беруіміз керек?
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
4f093eab4ea6a50d40d899b14946dcd6 Митинг. Әйелдердің саясатқа араласуына неге мән беруіміз керек?
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
0f320491b9898d340d3ab03025dfddb8 Митинг. Әйелдердің саясатқа араласуына неге мән беруіміз керек?
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
d912e3d773a51fc0473aabd7158fdb18 Митинг. Әйелдердің саясатқа араласуына неге мән беруіміз керек?
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Митинг соңында белсенділер Украинадағы соғысты дереу тоқтатуды талап етіп, флешмоб өткізді.

e480937fc0a56b9b8c3b1fc637f1a35c Митинг. Әйелдердің саясатқа араласуына неге мән беруіміз керек?
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
2f1dbf992f0b54f7948ba0462555d7ee Митинг. Әйелдердің саясатқа араласуына неге мән беруіміз керек?
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
424ea47b9b9deb218debb3821e3476e1 Митинг. Әйелдердің саясатқа араласуына неге мән беруіміз керек?
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Мейірман Лес, Наргиза Аршидин

Мақала туралы ойыңыз?

Facebook парақшамызға жазылыңыз

Facebook