Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Тоқаев пен Мирзиеев жаңа сын-қатерлерді еңсеру туралы сөйлесті

Иллюстрация: Akorda.kz

Ақорданың хабарлауынша, президенттер қазіргі геосаяси ахуалдың шиеленісуі жағдайындағы сауда-экономикалық байланыстардың жай-күйін егжей-тегжейлі талқылады.

Тараптар Шавкат Мирзиеевтің Қазақстанға мемлекеттік сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асырудың маңызды екенін айтты.

Мемлекеттер басшылары екі ел үкіметтерінің екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты арттыруға, сонымен бірге жаңа сын-қатерлерді еңсеруге бағытталған алдағы іс-қимылдары жөнінде уағдаласты.

Мақалаға реакция