Басты бетЖаңалықтарПрезидент бас...

Президент бас прокурорға қаңтар оқиғасына қатысты тапсырма берді

Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Қасым-Жомарт Тоқаев бұрынғы бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовке атқарған жұмысы үшін ризашылығын білдіріп, оның жаңа қызметіне табыс тіледі. Ол қоғамның басты талабы заңдардың қатаң сақталуы екеніне тоқталды.

Қазір прокуратура органдарына жүктелген ең үлкен міндет – қаңтар оқиғасына қатысты жағдайларды мұқият әрі жан-жақты тергеп-тексеру,- деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы кеңесте тергеп-тексеру жұмыстары барысында заңдылықты қамтамасыз етіп, азаматтардың құқықтарын сақтау қажет екеніне назар аударды. Сонымен қатар кінәлі адамдарға қатысты жауапкершілік шараларын қабылдай отырып, расталған әрбір хабарламаға дер кезінде мән беруді, тергеу барысы жөнінде халыққа уақтылы ақпарат таратуды тапсырды.

Бас прокуратураға ескірген тәсілдерден арылып, антигуманистік қатынастарға қатысты жауапкершілікті күшейтетін ұсыныстар әзірлеу тапсырылды.

Президенттің айтуынша, саладағы жұмысты ілгерілету үшін қоғамның қолдауына ие болатын жаңа идеялар мен әдіс-тәсілдер, жаңаша ойлайтын мамандар қажет.