Ресей Украинада қанша әскери қаза тапқанын хабарлады

Ресейдің қорғаныс министрлігінің мәліметінше, 498 ресейлік әскери қаза тапқан, 1 597 адам жарақат алған. Ал Украина тарапынан 2 870 адам қаза тапқан.

Бұған дейін Украина тарапы 5 840 ресейлік әскери қаза тапқанын хабарлаған болатын.

Сонымен қатар, Украинаның қарулы күштері ресейлік әскер 30 ұшақ, 31 тікұшақ, 211 танкке дейін, 862 брондалған патрульдік машина, 85 артиллериялық жүйе, 9 зениттік қондырғы, 60 отын багы мен 355 автокөлігінен айырылғанын мәлімдеді.