Тоқаев Путинге Украинамен ортақ келісімге келудің маңызды екенін айтты

Ақорданың хабарына қарағанда, Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин екі елдің экономикалық жағдайы мен сауда-экономикалық саладағы екіжақты ынтымақтастық жөніндегі мәселелерді талқылады.

Қасым-Жомарт Тоқаев. Владимир Путин
Иллюстрация: Аkorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев Украина төңірегіндегі ахуалға қатысты келіссөздер барысында ортақ келісімге қол жеткізудің аса маңызды екенін атап өтті.