Тоқаев Зеленскийге де әскери іс-қимылдарды тоқтатудың маңызын айтты

Әңгімелесу Украина тарапының бастамасымен өткен.

Тараптар Украина төңірегіндегі ахуал бойынша пікір алмасты. Қасым-Жомарт Тоқаев Украинадағы әскери іс-қимылдарды тоқтату және одан әрі болдырмау үшін келіссөздер барысында уағдаластыққа қол жеткізудің маңызды екенін айтты, — делінген Ақорданың сайты таратқан хабарламада.

Мемлекеттер басшылары екі елдің гуманитарлық саладағы ынтымақтастығын одан әрі дамытуға келісті.

Еске салайық, мұның алдында Тоқаев Путинмен сөйлесіп, Украина төңірегіндегі ахуалға қатысты келіссөздер барысында ортақ келісімге қол жеткізудің аса маңызды екенін айтты.