Алмас Алтай «Nur Otan енді жаңа атауына сай іс қылса» дейді

Nur Otan партиясының атауы Amanat деп өзгеретіні туралы ұсыныс айтылған сәттен бастап қоғамда түрлі пікір айтылып жатыр.

Қоғам белсендісі Алмас Алтай «партияның жастар қанатына белсенді, беделді жастарды көбірек тарту керек» деп есептейді.

Ол сонымен бірге аманатқа қиянат жүрмейтінін айтып, бабалардың аманатын балаларымызға лайық жеткізейік дейді.

Отан деген қасиетті сөз еді. Енді аманат депті. Қазаққа аманат та — қастерлі сөз. Тек осы сөздің қадіріне жетіп, мағынасына сай іс қылса, — деп жазды Алмас Алтай Facebook-парақшасында.

Еске салайық, бүгін, 1 наурызда Nur Otan партиясының кезектен тыс өткен XXII съезінде мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов партия атауын Amanat деп өзгертуді ұсынды. Бұл атауды партия төрағасы – президент Қасым-Жомарт Тоқаев қолдады.