Универсиада жеңімпаздарына ақшалай сыйақы берілді

Жарыстың алғашқы күні фристайл спортының акробатика тәсілімен секіруден Жібек Арапбаева күміс медаль алса,  Жанбота Алдабергенова қола медалға қол жеткізіп, ел құрамасын командалық есепте 4-орынға шығарған еді.

«Универсиада Қазақстан Республикасының ұлттық жобасы және еліміздің  25 жылдық тарихындағы ең ірі мультиспорттық іс-шарасына  бағаланып отыр. Бұл тарихи жеңіске бүкіл қазақ елі мен Елбасымыз және үш миллионға жуық тұрғыны бар оңтүстік жұрты да ерекше  қуанышқа бөленді. Спортшыларымыздың арқасында, жоғары деңгейдегі Әлемдік байрақты бәсекеде  еліміздің көк байрағы желбіреді»,-деді Жансейіт Түймебаев.

Ал, 31 қаңтар күні, Жанбота Алдабергенова мен Бағлан Іңкәрбек командалық сайыста алтын медалға  қол жеткізді. Ел намысын қорғап, байрақты бәсекедегі жеңістері үшін 1- орын алған оңтүстікқазақстандық спортшыларға үш миллион теңге, 2 және 3-орын алған спортшыларзға екі миллион теңге, ал жаттықтырушы Мұрат Аблятифовқа 2 миллион теңге көлемінде қаржылай сыйлық берілді.

ДереккөзInform.kz