Репатриациялық ұшаққа 175 адам тіркеуден өтті. Барлық жолаушы ұшақта, жақын арада Атырауа ұшып шығады, — деп хабарлады Қазақстанның сырты істер министрлігінің Telegram-каналы.
16.29-да Қазақстан азаматтары отырған ұшақ Атырауға ұшып шықты.
Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан азаматтарын Украинадан эвакуациялауға қатысты жағдайды жіті қадағалап отырғанын жазды.
Мұның алдында 28 ақпандағы жағдай бойынша Қазақстанның 241 азаматы Украина-Польша шекарасынан өткені хабарланды.