Министрлік: Қазақстан Украинаға әскер жіберуді қарастырып жатқан жоқ

Қазақстандық әскери қызметшілерді Украинаға немесе басқа елге жіберу туралы өтініш түскен жоқ, сәйкесінше, ондай мәселе қарастырылып жатқан жоқ, — делінген министрлік таратқан хабарламада.

Қорғаныс министрлігі бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау жөніндегі халықаралық міндеттемелерді орындауға әскери контингент жіберу туралы шешімді парламент қабылдайтынын еске салды.

Ал парламентке ұсынысты президент енгізеді.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да