Рейтинг: Геннадий Головкиннің алдында қандай боксшылар тұр?

Бұрынғы рейтингпен салыстырғанда бастапқы үш орын өзгеріссіз қалған. Роман Гонсалес, Андре Уорд, Сергей Ковалев өз орындарын сақтап қалды. Сондай-ақ, қазақстандық боксшы Геннадий Головкин де өзгеріссіз 4-орынға тұрақтаған.

1. Роман Гонсалес

Роман Гонсалес

Роман Альберто Гонсалес Луна (17 маусым, 1987 жыл, Манагуа, Никарагуа) — ешқашан жеңіліп көрмеген никарагуалық  екінші орта салмақ дәрежесіндегі кәсіпқой боксшы. WBA нұсқасы бойынша минималды (2008—2010), бірінші орта салмақта (WBA, 2010—2012), орта (WBC, 2014—2016) және екінші орта салмақта (WBC, 2016) әлем чемпионы. «Ринг» журналының нұсқасы бойынша «Кез келген салмақ дәрежесіндегі үздік боксшы» атағын иеленген (2015).

2. Андре УордАндре Уорд

Андре Уорд (23 ақпан 1984, Сан-Франциско, Калифорния, АҚШ) — америкалық кәсіпқой боксшы. 2004 жылы Афиныда өткен Олимпиада чемпионы. Екінші орта салмақ дәрежесі бойынша әлем чемпионы (WBA нұсқасы, 2009; WBC нұсқасы, 2011—2013; The Ring нұсқасы, 2011). «Ринг» журналы бойынша 2011 жылдың «Жыл боксшысы».

Сергей Ковалев

Сергей Ковалев

Сергеей Александрович Ковалев (2 сәуір 1983, Челябинск облысы, Ресей) — ресейлік жартылай ауыр салмақ дәрежесіндегі кәсіпқой боксшы. Әуесқойлар арасында Ресей чемпионы (2005). Жартылай ауыр салмақта әлем чемпионы (WBA super, 2014—2016; IBF, 2014—2016; WBO, 2013—2016). WBO белбеуінің (2015) және Гауһар WBC белбеуінің иегері (2015). The Ring, WBO, Sports Illustrated, USA Today(2014) бойынша Жыл Боксшысы. Krusher Promotion промоутерлік компаниясының негізін салушы.

4. Геннадий Головкин

Геннадий Головкин

Геннадий Головкин (8 сәуір 1982 жыл Қарағанды, Қазақстан)  — қазақстандық кәсіпқой боксшы, орта салмақта өнер көрсетеді. Орта салмақтағы WBA (Super), IBO, IBF және WBC бойынша әлем чемпионы. GGG қазірде Сондерстің иелігіндегі WBO белбеуін алса, орта салмақтағы барлық титулдың басын біріктіреді.

The Ring журналының pound-for-pound бойынша үздік деп таныған 10 боксшы:

1. Роман Гонсалес

2. Андре Уорд

3. Сергей Ковалев

4. Геннадий Головкин

5. Теренс Кроуфорд

6. Василий Ломаченко

7. Гильермо Ригондо

8. Сауль Альварес

9. Шинсуке Яманака

10. Наойя Иноуэ.