Орталық сайлау комиссиясы Дариға Назарбаеваның өкілетін тоқтатты

«Қазақстан Республикасы конституциясының 52-бабына, «Қазақстан Республикасының парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» 1995 жылғы 16 қазандағы Қазақстан Республикасы конституциялық заңының 24-бабы 3 және 8-тармақтарына сәйкес Қазақстан Республикасының орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісінің депутаты Дариға Нұрсұлтанқызы Назарбаеваның өтініш беруіне байланысты оның өкілетін мерзімінен бұрын тоқтатуға әкелетін негіз туындады деп белгіленсін.

2. Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісінің депутаты Дариға Нұрсұлтанқызы Назарбаеваның өкілетін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыным Қазақстан Республикасы парламентінің мәжілісіне енгізілсін», — делінген құжатта.