Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Ресей премьер-министрі Нұр-Сұлтанға ұшып келді

Фото: Tengrinews.kz

Делегацияны премьер-министр Әлихан Смайылов қарсы алды. Содан кейін ол санитария нормаларына сәйкес, толық құраммен бірге коронавирусқа қарсы ПТР-сынамасын тапсырды.

Еске салайық, Ресей премьер-министрі 24, 25 ақпанда Нұр-Сұлтанда өтетін Еуразиялық үкіметаралық кеңестің (ЕҮАК) отырысына қатысады.

4ea2a74b4d8665799f2aaa4017b63222 Ресей премьер-министрі Нұр-Сұлтанға ұшып келді

Бұл іс-шараға Армения, Қырғызстан, Қазақстан, Беларусь үкіметтерінің басшылары мен Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы қатысады.

Бұған дейін Нұр-Сұлтанға Беларусь премьер-министрі бастаған делегация келгені хабарланды.

Мақалаға реакция