Украина СІМ Ресейдің толыққанды шабуылы туралы мәлімдеді

Путин Украинаға толыққанды шабуылды бастады. Украинаның бейбіт қалаларына шабуыл жасалып жатыр. Бұл агрессивті соғыс. Әлем Путинді тоқтата алады және тоқтатуы керек. Украина өзін қорғап, жеңеді. Әрекет ететін уақыт келді, — делінген хабарламада.

Жергілікті тұрғындар Ресей мен Украина шекарасындағы бірқатар қалада жарылыс болғанын мәлімдеді. Ресейдің Белгород қаласының тұрғындары жарылыс болып, жаңғырығы бүкіл қалаға естілгенін айтты. Болжам бойынша, жаппай өрт жүйесінің іске қосылуынан шыққан дыбыс.

Әлеуметтік желілерде Донецк облысындағы Украинаның Мариуполь қаласында жарылыс болғаны хабарланды. Желіде куәгерлер түсірген кадрлар пайда болды.

украина
Видео скрині

Айта кетейік, Ресей президенті Владимир Путин ресейліктерге жолдауында Донбаста арнайы әскери операция өткізу туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді.

Украина президенті Владимир Зеленский 24 ақпанға қараған түні Ресей азаматтарына орыс тілінде видеоүндеу жасады.