Басты бетҚоғамАлматы ауруханасында...

Алматы ауруханасында пациент дәрігердің киімдерін ұрлап кеткен

Медициналық көмек алған 30 жастағы ер адам ауруханаға жатқызылғаннан кейінгі күні рұқсатсыз, өз еркімен ауруханадан кетуге шешім қабылдады. Бірақ қаскөйде жылы киім немесе аяқ киім болмағандықтан ол қызметкерлер бөлмесіне кіріп, өзінің өлшеміне келетін қолайлы киімдерді алған. Бұл хирург-дәрігердің заттары болып шықты. Видеобақылау камераларының, сонымен бірге арнайы базаның көмегімен күдіктінің саусақ іздерін бақылау арқылы оның жеке басы анықталған. Қылмыскерлер «ізін суытпай» ұсталды, – деді Медеу ауданы полиция басқармасы жанындағы полиция бөлімінің бастығы Еділхан Байғараев.

Заттар өз иесіне қайтарылды. Оңай ақшаға әуес адам қаражатты жұмсап үлгерді. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабына (Ұрлық) сәйкес қылмыстық іс қозғалып жатыр. Ұсталған адам жасаған іс-әрекетін жоққа шығармай, бірден мойындады.