Мазмұнға өту
Басты бет / Қоғам /

Nur Otan партиясының 1 наурыздағы съезі онлайн өтеді

Фото: Akorda.kz
Асхат Ораловтың сөзінше, бүгін, 23 ақпанда еліміздің барлық өңірінде саяси кеңес отырысы өткен, қорытындысы бойынша партияның кезектен тыс XXII съезіне 399 делегат сайланды.

Өздеріңіз білетіндей, мемлекет басшысы, партия төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шешімімен Nur Otan съезі 1 наурызға жоспарланған. Іс-шара барысында партия жұмысын одан әрі жаңғырту бойынша басымдықтарды талқылау жоспарланып отыр. Съезд онлайн форматта өтеді, — деп жазды ол Facebook-те.

Еске салайық, 18 ақпанда Қасым-Жомарт Тоқаев партияның кезектен тыс XXII съездін 1 наурызда шақыру туралы шешім қабылдады.

Мақалаға реакция