1 наурызда Nur Otan партиясының кезектен тыс съезі өтеді

Бұл туралы партияның жауапты хатшысы Асхат Оралов мәлімдеді.

Бүгін Nur Otan партиясының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев 1 наурызда кезектен тыс XXII съезді шақыру туралы шешім қабылдады. Оған бүкіл аймақтың делегаттары қатысады. Орталық аппарат өңірлік филиалдармен бірге дайындық шараларын қолға алды, — деп жазды Асхат Оралов Facebook-те.

Оның айтуынша, съезд барысында партия жұмысын жаңғырту басымдықтары талқыланады.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да