Көлікті 4% жеңілдікпен кредитке алу шарттары қандай?

Вице-премьер «Хабар 24» телеарнасына берген сұхбатында жеңілдетілген автонесиенің жаңа бағдарламасына 100 миллиард теңге бөлінетінін айтты.

Осыған дейінгі бағдарламада жылдық процент — 20, бастапқы жарна 4% болса, енді  жылдық процент — 4, бастапқы жарна 0% болады. Бұл 7 жылға есептеледі. 7 жыл болғандықтан, арзан автомобильдер екені түсінікті. Дегенмен 71 мың азамат жаңа көлікті қолжетімді бағамен сатып ала алады, — деді Роман Скляр.