Ақтөбедегі «СТО» жарылысы: кінәлілер жеті жылға дейін сотталуы мүмкін

Бұл туралы Аstanatv.kz хабарлады.

Қазір оқиға орнында тергеушілер тобы жұмыс істеп жатыр. Бүлінген көлік иелері де, көлік жөндеу орталығының иесі де тергеу аяқталғанша қандай да бір ақпарат беруден бас тартты. Полиция бұл іске қатысты сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.

Техникалық қызмет көрсету бекеті қызметкерлерінің айтуынша, сол жерде 11 көлік болған. Оның жартысының газ-баллонды қондырғысы бар. Алдын-ана нұсқа бойынша, сондай қондырғының бірінен шыққан газ бен ауа аралас қоспа жарылған.

Ақтөбе облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұловтың мәліметінше, аталған факт негізінде Ақтөбе облысының полиция департаменті қылмыстық кодекстің 292-бап, 2-бөлігі «өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Еске салайық, 22 ақпан күні Ақтөбедегі көлік жөндеу орталығында газ құрылғысы жарылып, оқиға орнынан күзетшінің мәйіті табылған еді.