Қаңтардағы тәртіпсіздіктерден кейін 18 шетелдік қамауда отыр

Тәртіпсіздіктерге қатысы бар деген айыппен қамауға алынғандар мен тергеу изоляторларында қазір 18 шетел азаматы бар. Оның 14-і Өзбекстан, екеуі Ресей, екеуі Қырғызстан азаматы, — деді Эльвира Әзімова.

Оның айтуынша, қамауға алынған азаматтар ұсталған жабық мекемелерге жүргізілген мониторингтің қорытындысын жариялады.

Ұсталғандардың көп болғанына байланысты уақытша ұстау изоляторларында 6 қаңтардан кейінгі алғашқы 48 сағатта ауыз суға, тамақтануға қол жеткізу жағдайлары дұрыс болмағаны анықталды. Кейіннен жағдай тұрақталды. 10 қаңтардан бастап тұтқындалғандардың барлығына үйден ақша алуға рұқсат етілді. Бүгінгі таңда тамақтану дұрысталды, бірақ тамақ сапасына қатысты бірнеше өтініш бар, — деді Эльвира Әзімова.