2 ақпанға арналған ауа райы болжамы

Қостанай облысының  кей жерлерінде  жаяу бұрқасын, тұман күтіледі, күндіз басым бөлігінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында жаяу бұрқасын, тұман болып, желдің екпіні 15-20 м/с артады.

Қарағанды, Павлодар облыстарының жекелеген аймақтарында жаяу бұрқасын, тұман болжанады.

Атырау, Батыс Қазақстан  облыстарының кей аумақтарында бұрқасын соғып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Алматы облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, Жалаңашкөл ауданында жел 17-22 м/с күшейеді.

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында тұман, көктайғақ болады, Жамбыл облысы мен, Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде таңертең және күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Қызылорда облысының жекелеген аумақтарында тұман, көктайғақ күтіледі.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде  көктайғақ , бұрқасын  болып, жел 15-20 м/с артады.

Ақтөбе облысында жаяу бұрқасын жүруі ықтимал, жел 18 м/с күшейеді.

Шығыс Қазақстан  облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын жүріп, түнде және таңертең тұман болады, желдің екпіні 15-20 м/с артады.

ДереккөзInform.kz

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да