АҚШ-та Қазақстан азаматы оқ жарақатынан қаза тапты

Бұл туралы сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров хабарлады.

Жергілікті полиция берген ақпарат бойынша отандасымыз өз көлігінде оқ жарақатынан қайтыс болған, — деді Айбек Смадияров.

Қазір полиция осы оқиға бойынша тергеу жүргізіп жатыр, қылмыс жасады деген күдікті қамауға алынды. ҚР консулы марқұмның туыстарымен тұрақты байланыста.

Сот-медициналық сараптама әйел Сент-Пол тұрғыны, 34 жастағы Юлия Ли екенін анықтаған.

Юлия Лидің өлімі туралы ақпарат қарулы зорлық-зомбылық құрбандарына арналған ұлттық мемориал сайтында да жарияланған.