Жедел-профилактикалық шара барысында қаруды заңсыз сақтағаны және алып жүргені үшін 451 адам ұсталды. Олардан 774 дана атыс қаруы және 7 737 арнайы құралдар мен оқ-дәрілер тәркіленді. Мысалы, Алматыда 1982 жылы туған «Toyota Land Cruiser Prado» көлік иесі ұсталды. Автокөліктің салонында «МР-79-9ТМ» травматикалық тапаншасы табылып, тәркіленді, — деді ішкі істер министрлігі әкімшілік полиция комитеті басқарма басшысының орынбасары Дәурен Қозыбақов онлайн брифингте.
Дәурен Қозыбақов елдегі ескірткімен күрес ахуалына тоқталды.
Есірткіні заңсыз сақтағаны және алып жүргені үшін 667 адам ұсталды. Олардан жалпы көлемі 170 келіден астам есірткі тәркіленді. Оның ішінде 545 грамнан астамы героин. Мысалы, биыл 31 қаңтарда Ақтөбе қаласында тәртіп сақшылар күдікті 2 азаматты ұстады. Олардан 10 келіге жуық (9 880 грамм) марихуана тәркіленді, — деді Дәурен Қозыбақов.