Оралов пен Смайылов Nur Otan партиясының өзара іс-қимыл мәселесін талқылады

Өздеріңіз білетіндей, мемлекет басшысы, партия төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Nur Otan орталық аппараты мәжілістегі фракциямен бірлесіп, партияның 2021 жылғы сайлауалды уәделерінің орындалу сапасына талдау жүргізіліп жатыр. Кездесу барысында үкімет мүшелері мен партия органдарының Nur Otan партиясының республикалық сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі өзара іс-қимыл мәселелерін талқыладық, — деп жазды Асхат Оралов.

Айта кетейік, Асхат Оралов 2022 жылы ақпанда Nur Otan партиясының жауапты хатшысы болып тағайындалған болатын.