Алдағы уақытта 32 градусқа дейін аяз болады

Алдағы уақытта республика аумағына Ресейдің еуропалық бөлігі аудандарынан суық антициклонның ауысуы бұлттардың сейілуін және температураның төмендеуіне алып келеді.

Еліміздің солтүстік бөлікте түнде -22 мен -32 градусқа дейін аяз, күндіз -15 және -22 аяз, оңтүстік бөлікте түнде -10 мен -20 градусқа дейін аяз, күндіз -5 және -15 аяз болады.

Синоптиктердің болжауынша, суық температура үшінші онкүндіктің басында күтіледі.

Айдың орташа ауа температурасы Павлодар, Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарында және Қарағанды облысының басым бөлігінде климаттық мәндер шегінде, ал республиканың қалған бөлігінде нормадан 1°С-қа төмен болады.

Айлық жауын-шашын көлемі Атырау, Маңғыстау, Қызылорда, сондай-ақ Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының басым бөлігінде нормадан төмен, қалған аумақта норма шегінде болады.

ДереккөзBaq.kz