Асхат Оралов Nur Otan партиясының атқарушы хатшысы болды

Nur Otan партиясының төрағасы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қаулысымен партияның атқарушы хатшысы болып Оралов Асхат Раздықұлы тағайындалды, — делінген хабарламада.

Асхат Оралов мұның алдында Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгіновтің орынбасары, ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі, Павлодар облысы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарды.

Ол 1990 жылы Павлодар облысында туған. Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін, Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар университетін бітірген.

Еске салайық, мұның алдында партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек қызметінен кеткенін хабарлаған едік.