Пайдалануға берілген көп пәтерлі және жеке тұрғын үйлердің барлығын тексеруді жоспарлап отырмыз. Ақпан айының соңына дейін әкімдіктер тиісті объектілер тізімін жасайды. Наурыз айының соңына дейін статистика органдарымен және әділет министрлігінің деректер базасымен салыстырып тексеру жүргізіледі, — деді индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев үкімет отырысында.
Оның айтуынша, жүргізілген жұмыс қорытындысы бойынша тиісті ұсыныстар әзірленеді.
Өткен жылдың қорытындысы бойынша республикада 17,1 миллион шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Оның ішінде 10 миллион шаршы метрі – көппәтерлі, 7,1 миллионы – жеке тұрғын үй,- деді министр.
Айта кетейік, жуырда үкіметтің кеңейтілген отырысында президент Қасым-Жомарт Тоқаев салынып жатқан жаңа үйлердің саны мен сапасын тексеруді тапсырды.