Басты бетЖаңалықтарУтильдік алым...

Утильдік алым мөлшерлемесі ақпанның аяғына дейін белгіленеді

Бұл туралы үкімет отырысында экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев мәлімдеді.

Серікқали Брекешев кәдеге жарату алымын әкімшілендіру және қаражатқа иелік ету функциялары мемлекеттің 100% қатысу үлесі бар ведомстволық бағынысты ұйымы — «Жасыл Даму» АҚ-қа берілгенін еске салды.

Директорлар құрамы бекітілді. Айта кетерлік жайт, директорлар құрамына қоғам өкілдері кірді. Сонымен қатар, «Атамекен» ҰКП алаңында күн сайын утильдік алым мөлшерлемелерін қайта қарау мәселесі бойынша қоғам, бизнес және мүдделі мемлекеттік органдар қатысқан жұмыс тобының отырыстары өтіп жатыр, — деді министр.

Министр 2023 жылдың 1 қаңтарына дейін кабель және сым өнімдерін кәдеге жарату төлемдерін жинауды тоқтату туралы шешім қабылданғанын айтты.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен осы айдың аяғына дейін мөлшерлемелерді қайта қарау бойынша жұмысты аяқтаймыз, — деп түйіндеді Серікқали Брекешев.