Нұржан Календеров Жамбыл облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды

Президент әкімшілігімен келісе отырып, Жамбыл облысы әкімінің өкімі бойынша Нұржан Календеров Жамбыл облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды, — делінген хабарламада.

Нұржан Календеров 1976 жылы туған, білімі жоғары. Еңбек жолын 1997 жылы «Арнабол» ЖШС-де есепші болып бастаған.

Әр жылдары Тараздағы зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықта бас маман, Жамбыл облысы әкімі аппаратының бас маманы, қаржы бөлімінде бөлім бастығы, кейін бөлім бастығының орынбасары, бөлім бастығы болған.

2011-2013 жылдары Жамбыл облысының әкімі, 2013 жылдың маусым-желтоқсан — Қордай ауданының әкімі, 2013-2017 жылдары — Тараз әкімі, 2017-2019 жылдары — Жамбыл облысы әкімі аппаратының басшысы, 2019-2020 жылдары — облыс әкімінің орынбасары болған.

2020 жылдың маусым айынан бастап Шу ауданының әкімі қызметін атқарған.