Жамбыл облысы полиция департаментінің бастығы тағайындалды

ҚР президенті әкімшілігінің келісімі бойынша ішкі істер министрінің бұйрығымен Жамбыл облысы полиция департаментінің бастығы болып Баймурзин Арманбек Хакимбекұлы тағайындалды, — делінген Жамбыл облысы полиция департаментінің сайтындағы хабарламада.

Полиция департаментінің жаңа бастығын жеке құрамға ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев таныстырды.

Арманбек Баймурзин 1974 жылы дүниеге келген, ішкі істер органдарында 1992 жылдан бастап қызмет атқарады.

2004-2012 жылдары ІІМ криминалдық полиция комитетінің басқарушылық лауазымдарында қызмет етті. Әр жылдары Жамбыл облысы ішкі істер департаменті бастығының бірінші орынбасары, ішкі істер министрлігі криминалдық полиция департаментінің бастығы, 2019 жылғы қазаннан бастап қазірге дейін Ақмола облысы полиция департаментінің бастығы қызметтерін атқарған.