Қазақстан 30 елдің вакцинация паспортын мойындады

Бас мемлекеттік санитария дәрігердің міндетін атқарушы Айжан Есмағамбетова Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинация паспорттарын мойындау туралы қаулыға қол қойды.

Аргентинада, Белизде, Боливияда, Ұлыбританияда, Мажарстанда, Грузияда, Индонезияда, Иран ислам Республикасында, Иорданияда, Канадада, Қырғыз Республикасында, Мальдив Республикасында, Моңғолияда, Арменияда, Беларусьте, Молдовада,  Перуде, Сан-Маринода, Сербияда, Тунисте, Үндістанда, Филиппинде, Таиландта, Түркияда, Черногорияда, Чех Республикасында, Шри-Ланкада, Эквадорда, Эстонияда және Жапонияда берілген азаматтардың коронавирусқа қарсы вакцинация паспорттары/сертификаттары/анықтамалары Қазақстан Республикасы аумағында жарамды деп танылсын, — делінген құжатта.

Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.