Сенатор ел бюджетінің кірісін қалай арттыруға болатынын айтты

Дәурен Әділбеков ел бюджетінің кірістерін қалай арттыруға болатындығы туралы ұсыныс айтты.

Сенатор мұнай, газ және басқа да пайдалы қазбаларды өндірумен айналысатын компанияларға салық мөлшерін арттыру бюджетке түсетін түсімдерді ұлғайтудың бір тәсілі бола алатынын атап өтті. Қазір олардың салық жүктемесі 8-9%-тен аспайды. Ал бұл іс жүзінде шикізаттық емес секторда жұмыс істейтін кәсіпкерлердің жүктемесіне тең. Басқа елдерде орны толмайтын табиғи қорлар үшін жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу 25%-ке жетуі мүмкін.

Тау-кен секторындағы жер қойнауын пайдаланушыларға биржалық негізгі экспорттық позициядағы қатты пайдалы қазбаның ПҚӨС (пайдалы қазбаларды өндіру салығы) мөлшерін шамамен 1,5-2 есеге ұлғайту арқылы салық жүктемесі ұлғаюы тиіс деп есептейміз. Бұл шара ПҚӨС бойынша қосымша түсімдерді шамамен 200 миллиард теңгеге ұлғайтуға мүмкіндік береді. Тек 2017-2018 жылдары жарияланған қаржылық есептерге сәйкес, аталған сектор шетелге жалпы сомасы 3 триллион теңгеге жуық дивиденд төледі, — деді депутат сенаттың жалпы отырысында.

Сенатор шетелдіктерге төленетін осындай дивидендтерден салық жинау жүйесін өзгертуді ұсынды.

Қазақстан Республикасы ратификациялаған барлық конвенциялардың ережелерінде резидент еместерге дивидендтер түрінде табыс төлеу кезінде Қазақстанға салық салуға басым құқық көзделгендіктен, девидендтен салық салудан босату жөніндегі жеңілдікті алып тастауды орынды деп санаймыз, — деді Дәурен Әбілбеков.