Бейжің олимпиадасы: Қазақстан спортшыларының 8 ақпандағы жарыс кестесі

Шаңғышылар еркін стильдегі жекелей спринтке қатысады. Әйелдер арасында Надежда Степашкина, Ксения Шалыгина, Ангелина Шурыга, Ирина Быкова сынға түседі. Qazaqstan телеарнасы жарысты тікелей эфирде сағат 13:50-де көрсетеді.

Ал қазақстандық екі биатлоншы Александр Мухин мен Владислав Киреев жекелей жарысқа қатысады. Биатлон сағат 14:20-ға жоспарланған. Тікелей эфирді «Хабар» арнасынан көруге болады.

Сағат 14:50-де ерлер арасында спринттен іріктеу басталады. Оған Қазақстан атынан Евгений Величко мен Виталий Пухкало қатысады. Qazsport арнасында тікелей эфир.

Сағат 16:25-те конькиден жарыс басталады. Ерлер арасында Дмитрий Морозов 1 500 метр қашыққа финалда өнер көрсетеді.