0%

Ахмет Жұбанов ән өнерінің бұлбұлдары туралы баяндаған "Замана бұлбұлдары" атты кітабы үшін қандай сыйлыққа ие болды?

Дұрыс! Қате!

1968 жылы "Замана бұлбұлы" атты кітабы үшін Ахмет Жұбанов Қазақ ССР Ғылым академиясының Шоқан Уәлиханов атындағы сыйлығына ие болды

Композитор қай фильмнің музыкасын жазды?

Дұрыс! Қате!

"Амангелді" атты қазақ тарихындағы алғашқы дыбысты фильмнің музыкасын Ахмет Жұбанов пен Михаил Гнесин жазды.

Белгілі өнертанушы Бисенғали Ғизатов Ахмет Жұбановтың қай туындысын қазақ музыкасына қойылған ең үлкен ескерткішке теңейді?

Дұрыс! Қате!

Бисенғали Ғизатов “Ахмет Жұбановтың "Ғасырлар пернесі” мен “Замана бұлбұлдары” қазақ музыкасына қойылған үлкен ескерткіш іспеттес” деп айтқан.

Әдебитте Мұхтар Әуезов Абай образын бейнелесе, Ахмет Жұбанов кімнің музыкалық тұлғасын жасаған?

Дұрыс! Қате!

Өнер зерттеушісі Зейнұр Қоспақов “Құрманғазы және оның өмірін зерттеудегі А. Жұбановтың қызметі” атты мақаласында “Көркем әдебиетте Абай бейнесін сомдаған Мұхтар Әуезов болса, ұлы домбырашы, күйші Құрманғазының музыкалық тұлғасын жасаған қазақ өнерінің көшбастаушысы, академик Ахмет Қуанұлы Жұбанов болды…Құрманғазыны айтқанда аузымызға Ахмет Жұбанов есімі қатар оралатыны да сондықтан” дейді.

Дауыс International тобын танымал еткен Ахмет Жұбановтың қай әні?

Дұрыс! Қате!

Дауыс International тобы Ахмет Жұбанов музыкасын жазған "Қарлығаш" әнін орындап кеңінен танымал болған. Тіпті осы әнге арнап бейнебаян түсірген.

Қазақ әйелдерінің ішінен шыққан бірінші кәсіби композитордың Ахмет Жұбановқа қандай қатысы бар?

Дұрыс! Қате!

Қазақ әйелдерінің ішінен шыққан бірінші кәсіби композитор – Ахмет Жұбановтың қызы Ғазиза Жұбанова.

Қай әннің музыкасын Ахмет Жұбанов жазды?

Дұрыс! Қате!

"Ақ көгершін" әнінің музыкасы Ахмет Жұбановтікі.

1934 жылы Ахмет Жұбанов бір топ домбырашының басын қосып, қазақ ұлт аспаптар оркестрін құрады. Оркестрге кімнің есімін береді?

Дұрыс! Қате!

1934 жылы Ахмет Жұбанов бір топ домбырашының басын қосып, қазақ ұлт аспаптар оркестрінің негізін қалаған. Өзі оркестрдің көркемдік жетекшісі әрі дирижері болған. Жұбанов бұл оркестрге Құрманғазының атын береді.

Бала Ахмет домбыра, скрипка, мандолина секілді аспаптарды алғаш кімнен үйренеді?

Дұрыс! Қате!

1911 жылы Темір уезінде екі орыс мектебі ашылады. Сол жылы оқу бітірген Құсайын есімді мұғалім уезге келеді. Ол Ахмет Жұбановтың үйінде тұрыпты. Құсайын домбыра мен скрипка, мандолина тартады екен, нотадан да аздап хабары болған. Осы аспаптың қайсысында ойнаса да, Ахмет Жұбанов жанында жүрген. 5 жастан асқан Ахмет сол аспаптың бәрін меңгеріп кетеді.

Композитордың ең бірінші кітабы қалай аталады?

Дұрыс! Қате!

1936 жылы композитордың "Музыка әліппесі" атты тырнақалды кітапшасы жарық көрді.

Қазақтың тұңғыш дирижері Ахмет Жұбанов туралы не білеміз?
Жақсы!
Нәтижеңіз жаман емес. Дегенмен қазақ музыкасында ерекше орны бар Ахмет Жұбановтың шығармашылығымен бір танысығып шығуға кеңес береміз.
Жарайсыз!
Ахмет Жұбановтың өмірі мен шығармашылығымен таныс екенсіз.
Тамаша!
Бала кезден Ахмет Жұбановтың әндеріне сусындап өскеніңіз көрініп тұр.

Әлеуметтік желіде бөлісу: