«Самұрық-Қазына» төрт елдегі өкілдігін жабады

Қордың қоғаммен байланыс департаментінің директоры Марат Мұхамедсәлиевтің айтуынша, «Самұрық-Қазына»-ның Дубайдағы, Лондондағы, Бейжіңдегі және Мәскеудегі өкілдігі жабылады.

Мұның алдында «Самұрық-Қазына» қорының жаңа ұйымдық құрылымы бекітілгені және  қызметкерлер саны 50% қысқартылатыны хабарланған еді, ал басқарушы қызметтер саны 10-нан 5-ке дейін қысқарады.

Еске салайық, 21 қаңтарда президент Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтанда бизнес өкілдерімен кездесуінде  «Самұрық-Қазына» қорын түбегейлі реформалау міндетін жүктеді.

Бұл мәселе бойынша Алмасадам Сәтқалиевмен сөйлестім. Егер ол жүктелген міндетті атқара алмаса, өзі де, қор да бірге кетеді, – деді мемлекет басшысы.