Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Ибулла Серді QazaqGaz басшысының міндетін атқарады

Ибулла Серді. Фото: Kaztransgas.kz

QazaqGaz АҚ KASE-ге директорлар кеңесінің 14 қаңтардағы шешімімен компания басқармасының құрамына мынадай өзгерістер енгізілді:

— Шәріпбаев Қ.Қ. басқарма төрағасы қызметінен босатылды;

— Серді И.Ж. басқарма төрағасының міндетін атқарушы болып тағайындалды.

Енгізілген өзгерістерді ескере отырып, QazaqGaz АҚ басқармасы жеті адамнан тұрады: Серді И.Ж., Сүлейманов Р.Э., Жанұзақ Т.Ж., Абайылданов Б.К., Хван В.Б., Сәйтиев А.Б., Абдуллин Р.С., — делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Қайрат Шәріпбаевтың QazaqGaz ұлттық компаниясының басқарма төрағасы қызметінен кеткенін хабарлаған едік.

Мақалаға реакция