«Барыс жылы» коллекциялық монеталары сатылымға шықты

Ұлттық банк ақпаратына сәйкес, номиналы 500 теңгелік күміс шақалар www.kazcoins.nationalbank.kz платформасында ҚҰБ интернет-дүкені арқылы сатылады.

Монеталардың оң жағында аспан әлеміндегі жұлдыздар картасында жұлдыздар шоғырының мифологиялық символы, монета дайындалған металды, оның сынамасы мен массасын білдіретін жазу бейнеленген. Монетаны айналдыра «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ» және «REPUBLIC OF KAZAKHSTAN» деген жазулар, күннің стильдендірілген бейнесі және монетаның номиналы бейнеленген,- делінген хабарламада.

Монеталардың теріс бетінде шығыс күнтізбесі бойынша 2022 жылдың символы – барыс бейнесі бейнеленіп, айналдыра «2022», «ШЫҒЫС КҮНТІЗБЕСІ», «ВОСТОЧНЫЙ КАЛЕНДАРЬ» және «ORIENTAL CALENDAR» жазуы бар.

Ішкі жағында шығыс күнтізбесінің қалған он бір символы орналасқан.