Жаппай тәртіпсіздік кезінде бүлінген камералар қалпына келтірілді

4-7 қаңтар аралығындағы тәртіпсіздіктер кезінде 75 «Сергек» кешені, бұл 304 бейнекамера, РТРК ғимаратында орналасқан орталық байланыс орталығы, антенна және желілік жабдық істен шығарылды. Барлық зақымдалған камералар мен жабдықтар қалпына келтірілді,- делінген хабарламада.

Жеке жүйесі бар 1 мың 103 камераны қамтитын «Бейнебақылау жүйелері» жобасы бойынша тәртіпсіздіктер кезінде 283 камера, шкафтар мен тарату жабдықтары істен шыққан.

Қазіргі уақытта бейнекамералар мен қондырғылар қалыпты режимде жұмыс істеп тұр.