Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің бизнес өкілдерін бірлескен жұмыс бастауға шақырды

Парақты аударып, жаңа Қазақстанның негізіне айналуы тиісті жаңа экономикалық саясат қалыптастыруда бірлескен жұмыс бастау қажет, — деп атап өтті мемлекет басшысы еліміздің ірі бизнес өкілдерімен кездесу барысында.

Мемлекет басшысы жаңа экономикалық саясаттың негізгі принциптері адал бәсекелестік, қабылданған шешімдердің ашықтығы, мемлекеттік саясаттың болжамдылығы, бизнестің салықтық адалдығы, кәсіпкерлердің әлеуметтік жауапкершілігі екендігін айтты.

Әлеуметтік-экономикалық реформаларды табысты жүзеге асыруға дәл осы ірі бизнес, біздің буржуазия мүдделі екендігіне түбегейлі сенімдімін. Сондықтан да елдің дәл осы бизнес элитасының жоғалтып алары бар. Сонымен қатар өз ісін одан әрі кеңейту үшін де жақсы мүмкіндіктер бар, — деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.