Димаш Құдайберген Дубайда жеке концерт береді

Бұл туралы әнші Instagram-парақшасында жазды.

25 наурызда екі жылдық пандемиядан кейін Дубайдағы Coca Cola аренада өтетін үлкен жеке концертім болатынын хабарлаймын. Билеттер сторис пен профиль сілтемесінде. Көріскенше, достар!, — деп жазды ол.

Сонымен қатар Димаш Құдайберген Instagram-парақшасы бұғатталғанын айтты.

Өздеріңізбен біраздан бері байланысу мүмкін болмады. Мені іздеп жазған толассыз хаттарыңыз бен қолдауларыңыз үшін мың алғыс!, — дейді ол.