Басты бетҚоғамБақытжан Сағынтаевтың...

Бақытжан Сағынтаевтың кортежіне жасалған шабуылдың видеосы

Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі 2022 жылы 6 қаңтарда болған оқиғаның видеосы шынайы екенін растады.

Тергеу іс-шараларының жүргізілуіне байланысты қосымша ақпаратты жариялауға тыйым салынады, — деп жауап берді баспасөз қызметіндегілер Baribar.kz тілшісінің сауалына.

Ескерту: видео боқтық сөздер бар

Еске салайық, 6 қаңтарда Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевқа шабуыл жасалғаны хабарланған еді. Мұны әкімнің орынбасары Ержан Бабақұмаров растады.

Бақытжан Сағынтаев шұғыл әрекет ету штабынан шығып, әкімдікке бара жатқан.

Дәл осы күні қалада жаппай тәртіпсіздіктер мен қарақшылық қызған еді. Сол күні Бақытжан Сағынтаев отырған автокөлік Назарбаев көшесімен солтүстік бағытта жүріп бара жатқан. Жүргізуші солға қарай, Сәтбаев көшесіне жетпей, әкімдік ғимаратына бұрыла бергенде автоматтан оқ атылды.

Алматы әкімі отырған көлік оқиға орнынан қашып үлгерген. Әкім жарақат алмаған.

Алайда оқиға салдарынан «Алматы» телеарнасының жүргізушісі қаза болды. Оның автокөлігі әкімнің көлігінің соңынан жүріп келе жатқан. Әкімдіктің тағы екі қызметкері жарақат алған: спорт басқармасының басшысы Рүстем Байсейітов пен дін істері басқармасының басшысы Нұрлан Қиқымов.