Алматы полициясы тәртіпсіздік кезінде бүлінген көліктерді көрсетті

Зақымдалған көліктердің жалпы санының 64-ін қалпына келтіру мүмкін емес.

Сонымен қатар Алматы полиция департаментінде жаппай тәртіпсіздіктер мен қарулы шабуылдар нәтижесінде келтірілген залалдың алдын ала қорытындылары жарияланды: – 5 фронт-офис өртенді;
– Алмалы аудандық полиция бөлімі мен полиция департаментінің ғимараттары зақымданды;
– 19 модульдік және 13 экологиялық бекеттер зақымданды және өртенді.