Басты бетЖаңалықтарПавлодар облысы...

Павлодар облысы ПД басшысы Нұрлан Мәсімов қызметінен босатылды

Қазақстан Республикасы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың бұйрығымен Мәсімов Нұрлан Мырзаханұлы жазған баянатына сәйкес Павлодар облысы полиция департаменті бастығы қызметінен босатылды, — делінген ресми хабарламада.

Департамент бастығының міндетін полиция полковнигі Жасқайрат Қайыров атқарады.

Генерал-майор Нұрлан Мәсімов мемлекетке опасыздық жасады деген айып тағылған ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовтің туысы.

Нұрлан Мәсімовтің еңбек жолы:

Нұрлан Мәсімов 1973 жылы Алматы облысының Ақсу ауданындағы Жансүгіров елді мекенінде дүниге келген. 1995 жылы ауыл шаруашылығы институтын тәмамдаған. Одан кейін ішкі істер министрлігінің училищесінде және Қазақ ұлттық универсететінде білім алды. 2016 жылдан бастап президенттік резервте тұрған.

  • 2005-2008 жылдары – Алматы облыстық ішкі істер департаментіне қарасты Алакөл ішкі істер бөлімі басшысының жедел жұмыс жөніндегі орынбасары;
  • 2008-2010 жылдары — Алматы облыстық ішкі істер департаментіне қарасты Алакөл ішкі істер бөлімі басшысы;
  • 2010-2018 жылдары — Алматы облыстық ішкі істер департаменті басшысының бірінші орынбасары;
  • 2018-2019 жылдары Алматы қалалық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары;
  • 05.2019-11.2019 – Ішкі істер министрлігінің жетінші департаментінің басшысы,
  • 2019 жылы қараша айынан бастап Павлодар облыстық полиция департаментінің бастығы қызметін атқарды;
  • 2021 жылы мамыр айында полицияның генерал-майоры шенін алды.